Пікір • 13 Ақпан, 2024

Ресурстарды саналы тұтыну маңызды

185 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту туралы айтып, жылдар бойы жинақталған проблемаларды шешу, инфрақұрылымды қалпына келтіру мен дамытудың толық шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Ресурстарды саналы тұтыну маңызды

Фото: kisi.kz

Бірінші міндеттердің қатарында тозығы жеткен нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу тұр. Энергетика министрлігінің деректері бойынша, республикада орташа тозу көрсеткіші 66%-ды құрайды, кейбір нысандарда 90%-ға жетеді. Сонымен қатар экономиканың өсуі және жаңа өндірістердің іске қосылуы бары­сында электр энергиясының тап­шылығы мәселелерін шешу үшін жаңа өндіруші қуаттардың сапасы мен мерзіміне мұқият назар аудару қажет.

Мемлекет басшысы тарифтердің өсуіне байланысты тұтынушыларды атаулы субсидиялау құралдарын енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл тұр­ғыда халық алдында жылу мен электр энергиясын үнемдеп пайдалану тезисі өзекті.

Үкімет тұрғын үй және өнеркәсіп секторларында энергияны үнемдеуді және оның тиімділігін арттыру жө­ніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге әрі қабылдауға баса назар аударуға тиіс.

Мұндай іс-шаралар жоспары құ­рылыс нормалары мен ережелерін бақылау, жылу энергиясын босатуды есепке алу, коммуналдық қызметтерді ұсыну, жылу төлемдерін 20% немесе одан да көп төмендетуге мүмкіндік беретін тікелей әрекет ететін автоматты термостаттарды орнату мәселелерін қамтуы мүмкін. Бұл тәсіл ресурстарды саналы әрі үнемді тұтынуға ықпал етеді.

Сонымен бірге инфрақұрылымның жай-күйін толық бағдарлау үшін жылумен жабдықтау жүйелеріне то­лыққанды техникалық аудит жүргізу және осы саланың барлық үдерістерін одан әрі цифрландыру қажет. Бұл шараларды энергетикалық объектілер мен ТКШ объектілері қызметінің ашық­тығын қамтамасыз етеді. Оған қоса халық үшін ресурстар көлемінің қажет­тілік деңгейін айқындауға ықпал ететін мониторинг жүйесін құруға сеп болады.

 

Бауыржан ӨМІРЗАҚОВ,

Президент жанындағы ҚСЗИ Жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің бас сарапшысы