Ауа райы • 14 Ақпан, 2024

Алдағы үш күнде аяз күшейеді

3665 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 15,16,17 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде аяз күшейеді, деп жазады Egemen.kz.

Алдағы үш күнде аяз күшейеді

Фото:ult.kz

Болжам бойынша, Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан арктикалық антициклон жылжиды. Циклон бірте-бірте республиканың басым бөлігіне ықпал етіп, ауа райы аязды болады. 15 ақпанда республиканың шығысында, 16 ақпанда оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжанып отыр.

«Батыста ауа температурасы түнде 12-30, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 градус аяз, 16 ақпанда шығыста 18-35 градус аяз, оңтүстікте 10-30 градус аяз, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 градус аяз болады», делінген хабарламада.