Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына сүйенсек, оқиға бүгін, 14 ақпанда тіркелген
«Бүгін, 14 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 03:25-те Жылыой ауданы, Құлсары теміржол стансасына қарасты №11-теміржолда жүк пойызының вагондары рельстен жартылай шығып кеткені тіркелді. Жүк вагондарын алып келе жатқан теполвоздың «Теңізшевройл» ЖШС-ға тиесілі екені анықталды. Жүк пойызының құрамында 62 вагон болған. Күкірт тиелген вагондардың 7-еуі рельстен жартылай шығып кетті». деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Вагондардан күкірт төгілмеген. Ешкім зардап шекпеген.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Мақат ауданынан арнайы пойыз жолға шықты.