Аймақтар • 14 Ақпан, 2024

Қар құрсауында қалып қойған екі адам құтқарылды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының құтқарушылары қар құрсауында кептеліп қалған автокөлікті шығарып, көмекке зәру болған азаматтарға қол ұшын созды, деп жазады Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қар құрсауында қалып қойған екі адам құтқарылды

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД Сарыкөл ауданының 23-ӨСБ қызметкерлері, атап айтқанда Тимур Нұғыманов, Игорь Шрайнер және Жәнібек Мәкенов қатысты.

Олар Сарыкөл кентінен Новый кентіне қарай шамамен 40 км жерде кептеліп қалған автокөлікті шығарып, 2 адамды құтқарды.

Қар құрсауынан шығарылғандар тұрғылықты жері Новое ауылына жеткізілді.

л

«Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS алған кезде алыс жолға шықпауды сұраймыз», деп ескертеді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері.