Фото: instagram_azamatc
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті, актер Азамат Сатыбалды хабарлады.
«Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш ҚФ-нің творчествалық даму бағытын қадағалап, сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар», деп жазды ол.
Сондай-ақ Азамат Сатыбалды жаңадан тағайындалған тағы бір кеңесшісін таныстырды.
«Белгілі продюсер Еркебұлан Күрішбаев «Қазақфильм» ұлттық қиностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Еркебұлан Қф-нің өндірістік бағытын қадағалайтын болады. Еркебұлан студиямыздың дамуына үлкен үлес қосады деп сенемін», деді актер.