Қоғам • 14 Ақпан, 2024

Уақыт белдеуін өзгерту ел азаматтарына қалай әсер етеді?

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы  сағат белдеуін өзгерту  ел азаматтарының денсаулығына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Уақыт белдеуін өзгерту ел азаматтарына қалай әсер етеді?

Фото: qazaly.kz

Еске салайық, 1 наурыздан бастап Қазақстан бойынша UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі.

«Бұл шешім күн 12:00-де шарықтау шегіне жеткен табиғи уақытқа сәйкес келетін «биологиялық тұрғыдан дұрыс» уақыт белдеуін белгілеу мақсатында қабылданды. Бұл ел тұрғындарының әл-ауқатына, Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент және Түркістан сияқты ірі қалалар, әсіресе балалар денсаулығына оң әсер етеді», делінген Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұсынған ақпаратта.

Мамандар түсіндіргендей, циркадтық ырғақтарды табиғи уақытпен синхрондау адам денесіндегі гормондарды өндіру үшін өте маңызды.

«Гормондар ұйқыны, оятуды, белсенділікті және күйзелісті реттеуде шешуші рөл атқарады. Бұл процестер гормондардың деңгейімен қатаң бақыланады және белгілі бір үлгілер мен циклдерге ие», делінген хабарламада.

Орталық жаңа уақыт белдеуіне бейімделу үшін ел азаматтарына «ұйықтау және 15-20 минут ерте ояну уақытын біртіндеп өзгертуге» кеңес береді.