Ауа райы • 14 Ақпан, 2024

38 градус аяз, көктайғақ, бұрқасын: 15-17 ақпан күндері жүргізушілерге ескерту жасалды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-17 ақпанда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

38 градус аяз, көктайғақ, бұрқасын: 15-17 ақпан күндері жүргізушілерге ескерту жасалды

Күн күрт суытып, қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі.

Батыс, солтүстік, орталық және шығыс Қазақстанда түнгі уақыттарда ауа температурасы 12 градустан 38 градусқа дейін төмендейді. Осыған орай ҚазАвтоЖол жүргізушілерге сақ болуды ескертеді.

«Құрметті жүргізушілер! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, төтенше жағдай кезінде ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауларыңызды сұраймыз. Естеріңізге сала кетсек, барлық шұғыл ақпарат «Sapar» мобильді қосымшасында қолжетімді, сондай-ақ 1403 қысқа номері бойынша тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді», деп жазды ҚазАвтоЖолдан.