Қоғам • 15 Ақпан, 2024

Министр 700 мыңның үстінде зейнетақы алатын адамның қандай жұмыс істегенін айтты

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр 700 мыңның үстінде зейнетақы алатын адамның қандай жұмыс істегенін айтты

Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры елдегі ең жоғары зейнетақының мөлшерін жариялаған болатын, ол шамамен 743 мың теңгені құрады. Осыған байланысты брифингте журналистер министрден қазақстандық азаматтың бір уақытта қандай жалақы алғанын сұрады.

— Оның 1998 жылдан бері жоғары жалақы алатын лауазымдарда жұмыс істегені рас. Шамасы, ол максимал мөлшерде төлем жасаған. Меніңше, ол конвертпен алмай, әр жалақысынан 10 пайызды тікелей аударып, осындай зейнетақы алып отыр. Мен барлық азаматтардың осындай зейнетақы алғанын тілеймін, – дейді Светлана Жақыпова.