Оқиға • 15 Ақпан, 2024

Полиция 6 миллион теңге жымқырған күдіктіні ұстады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция 6 миллион теңге жымқырған күдіктіні ұстады

Фото: Polisia.kz

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіріп, 25 жастағы күдіктіні ұстады. Ол Ақсай қаласындағы супермаркеттердің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақша ұрлаған.

«Күдікті сауда орнының әкімшісін аңдып, аулаға шыққан кезде ұрып-соғып, кілтін тартып алып, дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кірген. Ол жерден 6 миллион теңгеге жуық апталық табысты жымқырып кеткен», делінген хабарламада.

Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.