Спорт • 15 Ақпан, 2024

Белгілі боксшы Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды

1360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі боксшы Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды

Фото: Olympic.kz

Белгілі былғары қолғап шебері Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1997), аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әуесқой бокстан әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері (2000).

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Кеше