«Біздің мақсатымыз айқын әрі нақты. Капиталдың тұрақты және ұзақмерзімді өсуіне өзіміздің үлесімізді қосу арқылы қиындыққа кезіккен отандық және шетелдік компаниялардың іскерлік мақсатқа жетуіне шама-шарқынша көмектесеміз. Олардың келешекте ел экономикасын арттыруға бағытталған басымдықтарын зерделей отырып, алға қойған міндеттерге тиімді түрде жауап беретіндей басқаруға назар аударамыз», дейді AIX басқарма басшысы Әсел Мұқажанова.
Қазір AIX-тің ресми тізіміне 94 түрлі эмитент бойынша бағалы қағаздардың 150 шығарылымы енген. Биржа құрылған уағынан бері, тартылған қарыз капиталының жалпы көлемі 4,2 млрд долларды және меншікті капитал көлемі 365 млн долларды құраған. Өткен жылы жалпы сауда көлемінің арасында акциялар, облигациялар, ETN және ETF алдыңғы жылғы 173 млн доллардан 582 млн долларға, яғни үш есе өскендігін көрсетіп отыр. Акциялардың саудадағы көлемі – 130 млн доллар. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге жуық ұлғайған. Бүгіндері қаржы орталығында 37 сауда мүшесінің арасында Қазақстан, Қытай және Еуропа елдерінің брокерлері бар.
AIX орталық депозитарийінде 1,5 миллионнан астам шоттың ең көп сатылған акциялары Polymetal International болды. Ол AIX жалпы сауда көлемінің 31,1%-ын құрайды. Бұл да алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5%-ға өскен.
Екінші орында – «ҚазМұнайГаз» ҰК акцияларының саудасы – 30,7%.Үшінші орында 18,2%-дық көрсеткішпен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акциялары. Биржалық саудадағы бейрезиденттердің үлесі – 31%. Елімізде бизнес жүргізетін 10 компанияның бағалы қағазы 948,36-дан 1217,38 тармаққа дейін өсіп, 28,37%-ды құраған.
Егер 2022 жылы AIX тізіміне 14 бағалы қағаз енсе, өткен жылы 63 листингтің 56 борыштық және 7 эмиссиялық бағалы қағазы биржадан орын сайлады. Сонымен қатар былтыр 2 миллиард доллар шамасында қарыз капиталы тартылып, 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 есе өсті. Қарыз құралдарын орналастырған эмитенттердің тізіміне түрлі саладағы ұйымдар кірген. Мәселен, банк ісі, тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика саласында жұмыс істейтін компаниялар. 2023 жылы AIX ресми тізіміне БАӘ, Люксембург, Ұлыбритания және Кипр компаниялары қосылды. Шағын және орта кәсіпкерлікке арналған облигациялар енді. Бүгінде инвестор шотының саны 2021 жылмен салыстырғанда 9 есе өсіп, 1,5 миллионға жетіпті. Tabys мобильді қосымшасы арқылы Exchange Traded Notes сауда-саттық көлемі 5,5 млн және басқарудағы қорлар 4,1 млн долларды құрайды. Tabys қосымшасындағы белсенді инвесторлардың жалпы саны 14,9 мыңнан асып жығылады.
Қазіргі уақытта институционалдық және бөлшек сауда да шетелдік инвесторлар AIX CSD-дегі жалпы сомасы 1,3 миллиард долларды құрайтын Polymetal акцияларының 1,2 миллиард долларына ие. Осы ретте әлемнің 40-қа жуық елінің бөлшек инвесторлары AIX CSD-де шот ашқан.
Астана халықаралық биржасында Әбу-Даби қор биржасы AIX үшін Tabadul Digital Exchange сауда орталығына қосылу туралы келісімге қол қойды. Tabadul-дің мүшелеріне Бахрейн қор биржасы, Орталық Азия биржасы (Тәжікстан) және Маскат бағалы қағаздар нарығы (Оман) кіреді. Tabadul Hub тең дәрежелі сауда үлгісіне негізделген алғашқы цифрлық алмасу хабы аймақтық және жаһандық деңгейдегі мүше биржалары арасындағы саудада цифрлық алмасу платформасын ұсынады.
Биыл қаңтар айында БАӘ-нің BHM Capital брокері AIX сауда мүшесі атанды. Қазір AIX бизнес пен инвесторларға инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсыну арқылы Орталық Азияда және одан тысқары жерлерге сенімді әрі өтімді капитал нарығын дамытуды көздеп отыр.