Пікір • 15 Ақпан, 2024

Мүмкіндік те, тәжірибе де бар

114 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазір жарты әлемді жалғастырып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының жобасы осыдан 14 жыл бұрын басталып еді. Сол тұста облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ретінде біраз жауапкершілік те арқаладық. Мұндағы айтайын дегенім, біздің жергілікті жол салатын компаниялардың тәжірибесі сол кездің өзінде бізге бас мердігер болып келген шетелдік жолшылардан мысқалдай да кем емес болатын.

Мүмкіндік те, тәжірибе де бар

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің ав­тожол саласына, ондағы жер­гілікті мамандарға мүм­­кін­дік беру туралы тап­сырмасы мені айрықша қуантты.

Шынымен де қазір бұл салада өз маман­да­ры­мыз­дың тәжірибесі толысып, техникасы толықты. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолын салу барысында жобаны ұтып алған Италия, Түркия компаниялары жергілікті серіктестіктерді қосалқы мердігер ретінде жалдап, бар жұмысты солар атқарды. Одан кейін де жол саласына қатысты жергілікті жобаларда «УАД», «Дорстрой», «Қыран» компаниялары талай күрделі жұмыстарды жүзеге асырып жүр. Қазір Қызылорда облысындағы жол сапасы көп өңірмен салыстырғанда көш ілгері тұрғаны осындай жергілікті компаниялардың арқасы дер едік. 

Биыл «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дә­лізінің «Қызылорда – Ақтөбе­» аралығын кеңейту жұ­мыс­­та­ры басталады. Бұл ретте де өз мамандарымызға се­нім білдіргеніміз жөн болар еді.

Президент жол құры­лы­сына қажетті техниканы елімізде шығару жолдарын дамытып, өзіміздің дайын өнімді пайдалану керектігін баса айтты. Бұл да өте өзекті мәселе. Осы күні салынып жатқан «Қызылорда – Жез­қаз­ған» күре жолына қажетті материалдардың басым бөлігі өзіміздің өңірден табылып отыр. Президент елдегі бар­лық жолдың сапалы болуы керектігін баса айтты. Бұл – салаға үлкен жауапкершілік жүктейді.

 

Өмірбек ШӘМЕНОВ,

Қызылорда облыстық жол саласы қауымдастығының президенті