Пікір • 15 Ақпан, 2024

Әлеуметтік жағдайды көтеру маңызды

213 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің әлеуметтік саласына назар аудару қажеттігін айтты. Соның ішінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру және жұмыспен қамту, көмекке мұқтаж адамдарға жәрдем беру мәселелеріне айрықша тоқталды.

Әлеуметтік жағдайды көтеру маңызды

Дін саласындағы сарапшы маман ретінде мен Мемлекет басшысының бұл ой-пікірлерінің аса маңызды екенін айтар едім. Өйткені қоғамдағы дес­трук­тивті діни идеялардың тара­лу себептерін тереңнен зерт­теп көрсек, ол жерде де халық­тың әлеуметтік жағдайы мен жұ­мыссыздық мәселесі жатқанын көре­міз. Бұл – арнайы жан-жақ­ты талдауды қажет ететін тақы­рып. Әсіресе әлеуметтік-эконо­микалық ортаның ықпалы көп.

Адамдар экономикалық қиын­дықтарға, жұмыссыздық­қа не­месе ресурстардың әділет­сіз түрде теңсіздікпен бөлінуі­не тап болғанда қоғамдық нара­зы­лық пен түңілу пайда болады. Осын­дай кезде адамдар қалып­тасқан жағдайдан шығар жол ретінде деструктивті идеяны қабылдауға бейім бола түседі.

Сондықтан әлеуметтік қорғауды жақсарту және жұмыссыздықтың қысқаруына жағдай жасау – осы саладағы проблеманың азаюына жол ашатын алда тұрған міндеттер. Бұлар әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына себеп болып қана қоймай, қоғамда жағымсыз үрдістердің таралуының да алдын алады. Президентіміз осының бәрін ой елегінен өткізіп айтып отырғаны талассыз. Бүкіл қоғам бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жалпыға ортақ жағдай жасауға талпынып, халық санасын улаған деструктивті үрдістерден бас тартса, құба-құп. Халқымыз осы аспектілерге көңіл аударып, тұрақты, сауатты әрі толерантты ортаны дамыту үшін жұмыс істеуі керек. Бұл әсіресе жастар арасында деструктивті ағымдардың әрекет етуіне тоқтау салады.

 

Гүлназ РАЗДЫҚОВА,

дінтанушы-сарапшы

 

Павлодар