Спорт • 16 Ақпан, 2024

Әбиба Әбужақынова қола медаль иеленді

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжан астанасы Бакуде  дзюдодан әлемдік Grand Slam  додасы басталды. Сайыстың бірінші күні ел қоржынына қола медаль түсті, деп жазады Egemen.kz.

Әбиба Әбужақынова қола медаль иеленді

Фото: kaz_judoteam

48 келі салмақта белдескен Әбиба Әбужақынова  ширек финалда  швед  қызы  Тара Бабулфатқа есе жіберген. Жұбаныш белдесуінде Әзербайжан балуаны  Лейла Әлиеваны еңсерді.  Қола медальға таласта бельгиялық Лоис Петитті шидомен ұтты.

Бұл Әбибаның биыл қатысқан үлкен дулыға санатындағы додадан олжалаған екінші қола жүлдесі. Қаңтар айында Португалияда өткен рейтингтік турнирде де қола медаль еншілеген еді.

Өкінішке қарай, жарыстың бірінші күні күрескен жігіттеріміз жарытқан жоқ. 60 келіде  додаға қосылған  Дәурен Сүйкенов пен 66 келі салмақта күрескен Сұңғат Жұбатқан ширек финалдан аса алмады.