Аймақтар • 18 Ақпан, 2024

Боранда жолда қалғандар құтқарылды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының Жарма және Көкпекті аудандарының аралығындағы әйгілі Байбура асуында 100 шамалы көлік ауа райының қолайсыздығынан жолда қалғанын Egemen.kz бұған дейін де хабарлаған еді.

Боранда жолда қалғандар құтқарылды

Фото: inbusiness.kz

Жалпы, 381 адамның 140-ы кеше Көкпектіге аман-есен жеткізілді. Жолаушылар аудан орталығындағы мектеп асханасынан тамақтанып, мешітке, қонақүйге орналастырылды.

Көкпекті және Жарма ауданы әкімдігі тарапынан жылы да жайлы жерге дер кезінде көрсетілген көмек нәтижесінде жеткізілген жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз еткен азаматтарға алғысын айтып жатыр.

Бірер сағатта олардың барлығы да жолға шығатын болды.

пп