Оқиға • 18 Ақпан, 2024

Мақтааралда есепші экономикалық тексеруден кейін өзіне қол жұмсады

1907 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 қаңтарда болған оқиғаны Түркістан облыстық полиция департаменті растады. Мақтаарал ауданы бойынша аудандық білім бөлімінің есепшісі Экономикалық тергеу департаментінің тексеруінен кейін өзіне қол жұмсаған, деп жазады Egemen.kz.

Мақтааралда есепші экономикалық тексеруден кейін өзіне қол жұмсады

Фото: profiz.ru

Іс бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабының бірінші бөлігі «Өзін өлтіруге итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал ауданына қарасты аудандық білім бөлімінің есепшілерінің жұмысын тексеру барысында бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Әзірге есепшілер қолды қылған қаражат соммасы анық емес. 

«Қазір Экономикалық тергеу бөлiмi Мақтаарал аудандық бiлiм бiлiмiнiң есепшiлiктерiне қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнiң 189-баба 4-бөлiгi 2 ​-тармағындағы «Мемлекеттiк бюджеттен қаражат жымқыру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексі 201-бабының 1-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды», делінген Түркістан облысы Экономикалық тергеу департаменті хабарламасында.

Бұған дейін Жетісай ауданы білім бөлімінің есепшілері жалақыдан 530 млн теңге жымқырғаны анықталған еді.