Бағдарламалар • 19 Ақпан, 2024

«Отау» бағдарламасы іске қосылады

597 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елімізде 1 наурыздан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама басталады. Бұрын көпшілікке 9-20-25 деген атаумен таныс бағдарлама енді «Отау» атауымен жүзеге асырылмақ. 1 наурыздан бастап 30 сәуірге дейін азаматтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысуға өтінішін жолдай алады.

«Отау» бағдарламасы іске қосылады

Бағдарламаға «Отбасы банк» салымшылары, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатысады.

Бағдарлама талаптары мынадай:

  • Үміткердің жинақ шоты ең кемі 18 айлық болуы керек;
  • Өтінім беру сәтінде депозиттегі жинақ сомасы 1 млн теңгеден кем болмауға тиіс;
  • Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде кейінгі 5 жыл ішінде жылжымайтын мүліктің болған-болмағаны қатаң тексеріледі;
  • Алматы және Астана қалалары­нан тұрғын үй алатын жағдайда сол қалаларда тұрақты тіркеуі болуы қажет;
  • Жобаға 18-63 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады, дегенмен 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға басымдық беріледі.

«Жыл сайын біз қаржыландыруға 150 млрд теңге бағыттаймыз. Бұл ақша «Отбасы банктің» өз қаражаты есебінен бөлінеді, сондай-ақ Қазақстан қаржы нарығынан да қарыз алып, қаражат тартуды жоспарлап отырмыз. «Отау» бағдарламасы 7 жылға есептелген. Осы кезеңде біз 50 мың азаматтың тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесеміз, дейді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

вап

Өтінім беру уақыты аяқталғаннан кейін, otbasybank.kz сайтында қаты­су­­шы­лар тізімі автоматты түрде жасақ­талады. Оған ең көп ұпай жинағандар кіреді.

Ұпайлар қалай есептеледі?

  • Салым бойынша сыйақы мөлшері үшін – әрбір 1 000 теңгеге 5 балл;
  • Салым мерзімі үшін – салымның әрбір жылы үшін 5 балл;
  • Тіркелген неке үшін – 10 балл;
  • Балалардың болуы үшін – санына қарамастан 50 балл.

Егер үміткерлердің ұпай саны бірдей болып қалса, онда басымдық салым сомасы көбірек және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамдарға беріледі. Іріктеуден өткен қатысушылар 40 жұмыс күні ішінде несиелік өтінім бере алады. Банктен оң мақұлдау алған жағдайда несиелік өтінім 6 ай ішінде жарамды болады. Осы уақыт аралығында бағдарламаға қатысушы баспана та­уып, несие алып, тұрғын үйді сатып алуы керек.

Заем көлемі қандай және қандай тұр­ғын үй сатып алуға болады?

  • Алматы мен Астанадағы заемның ең жоғары сомасы – 30 млн теңгеге дейін;
  • Қалған өңірлерде – 18 млн теңгеге дейін.
  • Тек алғашқы нарықтағы тұрғын үй – Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында (оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша);
  • Басқа елді мекендерде кез келген тұрғын үй.

Бағдарламаға қатысушы жаңа тұрғын үйді Баспана маркет (otbasybank.kz) порталынан ғана сатып ала алады. Бұл қызмет жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған. Әрбір нысан аталған платформаға орналастырылмастан бұрын, тұрғын үйдің ағымдағы нарықтық бағасы негізінде құнын бекіту үдерісінен өтетін болады. Егер ол нарыққа сәйкес келсе, онда құрылыс салушымен шаршы метр бағасын белгілей отырып, тұрғын үйді сату туралы келісім жасалады.

«Отау» бағдарламасының негізгі шарт­тары:

  • Алғашқы жарна – 20%-дан басталады;
  • Кредит бойынша мөлшерлеме – жылдық 9% (ЖТСМ 9,2%-дан басталады).
  • Несие мерзімі – 19 жылға дейін.

«Отау» бағдарламасын іске асыру­дың барынша ашықтығы үшін оның қа­ты­су­шы­ларының тізімі (заем алушы­лар­дың келі­сімімен) «Отбасы банкінің» сайтында жарияланады. Әрбір адам өтінім­дер­ді іріктеу және ұпайларды есептеу нәти­же­ле­рімен otbasybank.kz порталда танысу мүмкіндігіне ие.