- Таяуда Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) президенті Кеңес Рақышев қызметінен кетіп, оның орнына Шахмұрат Мүтәліп келді. Қазіргі кезде аталған ұйымда біраз ауыс-түйістер болып жатыр. Өткен аптада атақты боксшы Мұхтархан Ділдәбеков ҚБФ-ның бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды. Аса ауыр салмақта айқасқан 47 жастағы Алаштың мақтан тұтар азаматы кезінде Сидней Олимпиадасы мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы және екі дүркін финалисі, Әлем кубогінің жүлдегері атанғанын жұрт жақсы біледі. Былғары қолғабын шегеге ілсе де Мұхтархан осы саладан алыстап кеткен жоқ. Қазіргі кезде ол – Шымкенттегі спорт мектептерінің бірінің директоры.
- Түркияның Анталья қаласында таеквондодан G1 санатындағы «Turkish Open» халықаралық турнирі өтті. Жер жаһанның 60 мемлекетінен келген 1 900 спортшы өнерін ортаға салған жарыста Қазақстанның даян шеберлері үш жүлдеге қол жеткізді: Жансел Дениз бен Самирхон Әбубәкіров (73 кг) күміспен күптелсе, Руслан Жапаров (+87 кг) қолаға қол созды.
- 2026 жылы Италияның Милан мен Кортина д’Ампеццо қалаларында алауы тұтанатын XXV қысқы Олимпия ойындарының іріктеу сайысында Қазақстанның хоккейшілері қай командалармен күш сынасатыны белгілі болды. Жерлестеріміз D тобына түсті. Қарсыластарымыз – Словакия, Аустрия және Мажарстан. Бұл бәсекелер 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Братиславада өтеді. Іріктеу турнирінде барлығы 12 мемлекеттің өкілдері шеберлік байқасады.
- Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы өзінің 100-орнын сақтап қалды. Бұрынғы КСРО-ның құрамында болған мемлекеттер арасында Украина (22), Ресей (38), Өзбекстан (68), Беларусь (95) және Тәжікстан (99) бізден озып тұр. Ал ТОП-10 команданың қатарына мына командалар енді: Аргентина, Франция, Англия, Бельгия, Бразилия, Нидерланд, Португалия, Испания, Италия және Хорватия.
- Кәсіпқой рингте күш сынасып жүрген Қазақстанның боксшысы Ангелина Лукас өзінің келесі жекпе-жегін 29 ақпанда Таиландтың астанасы Бангкокта өткізеді. Ол Кадесара Джадпакдемен жұдырықтасады. Жергілікті былғары қолғап шеберінің рекорды – 10 кездесу, 7 жеңіс, 3 жеңіліс. Жерлесіміз алты бәсекенің тек біреуінде ғана ұтылды.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше