Сұхбат • 19 Ақпан, 2024

Сіздің армандарыңыз басқаларда орындалып жатыр. Бойыңыздағы қабілеттерді қалай ашуға болады?

512 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Әспет Бекмұрзаева – бестселлерге айналған «Дзенді шап беріп ұста! Үйлесім мен бақытқа қарай 9 қадам – өзін іздейтіндердің баршасы үшін» кітабының авторы.
Ең қызықты сәттерін бөлісейік.

Сіздің армандарыңыз басқаларда орындалып жатыр. Бойыңыздағы қабілеттерді қалай ашуға болады?

– Әспет, кітап туралы идеяңыз қалай пайда болды?

– Мен бір ерекше сезім құшағында болдым, талай жылдар бойы шыңдаған білімім де бар. Сондықтан бұл кітапты жазбауым мүмкін емес еді. Мен табыс­ты шебер атандым, ал ZEN мек­тебі мінсіз беделге ие болды. Шәкірт­те­рім тек кәсіби дағдылар туралы ғана емес, өздерін қызықтыратын бас­қа да сұрақтарды қойды. Ал менің оларға айтарым бар еді әрі олармен бөлісе­тінім де көп болды. Бұл – бір кесе шай үстіндегі әңгіме емес, сәтті жұмыс істейтін нағыз өмір философия­сы. Кітап менің өмір-саяхатымның қи­сын­ды жалғасы іспетті. «Массаж ше­бері – ZEN мектебі» – осының бәрі­не­ қалай қол жеткізгенім туралы кітап.

– Бұл кітап кімдерге арналған?

– Көбінесе әйелдер аудиториясына. Соның ішінде, мен сияқты қыздарға да. Қолайлы жағдайда туындамаса да, бұл олардың өмірден өздеріне керектісін алуларына кедергі жасамайды. Жылдар бойы ойлануға уақыт кетірмей, идея пайда болған кезде бәрін дереу қолға алатын жандар үшін. Жетістікке жеткісі келетін, бірақ әлі де қандай іс-әрекет жасау қажет екендігін білмейтіндерге.

– Оны неге анаңызға арна­ды­ңыз?­

– Мен өзімді self-made әйелмін деп есептеймін. Дегенмен жанымдағы жанашыр адамдар болмаса, бүгінгі жетістігіме ешқашан жете алмас едім. Әр адам біздің дамуымызға өз үлесін қосатыны анық. Анамның маған көптеген мүмкіндіктің қолжетімді екендігін көрсете білгендігі – мен үшін өлшеусіз бақыт. Анам – өз өмірімдегі басты тұлға, ең жақын жан.

Әкеммен ажырасып, үш баласын жалғыз өзі бағуға мәжбүр болған кезде де ол өзін бір сәтке де жоғалтқан жоқ. Менің өмірімде де анам өшпес із қалдырды, қатты әсер етті. Және қалдырған ізі, ол өмірде жоқ болса да, жалғасып жатыр.

Менің кітабым тек анама ғана емес, ағам мен әпкеме де арналған. Олардың мені қолдауы мен маған деген сүйіспеншілігі тағдырымның кез келген жолында көмек­тесетіні сөзсіз.

– Кітапта сіз жетістікке жетудің 9 қадамын сипаттапсыз. Қалай ойлайсыз, олар жұрттың барлығына қатысты ма, әлде тек сіздің студент­теріңіз үшін пайдалы ма?

– Барлығына, әрине! Иә, мен мысалдарды өз өмірімнің контекстінде сипаттаймын. Массаждың көптеген бағыты бар. Дегенмен кітаптағы қадамдар – толығымен әмбебап. Оны оқыңыз және осы тәжірибені кез келген басқа да мүмкіндікте қолданыңыз. Ол 5+ деңгейінде жұмыс істейді. Мен оған сенімдімін.

– Бұл кітап сіздің өзіңізге қалай әсер етті?

– Кітап өте пайдалы болып шықты. Егер сіз оны мұқият оқып шығып, өз өміріңіздің контекстінде қолданатын болсаңыз, ол сізге жағымды әсер ететініне сенімдімін. Мұның өзі психо­терапия сеан­сы сияқты. Содан кейін: «Бұл мүмкін болды ма?» деген ішкі сұрақ туын­дайды. Сондықтан ол маған өте ыстық. Жеңіл оқылады, бірақ ұмытылмас әсер қалдырады. Мен оны жан-жақты және ойша қайта-қайта талқылап жүрмін.

Кей кезде не жайында жазарымды білмей тұр­ғанда да менде өзімді тізгіндеп тежеу, үзіліс жасау немесе тоқтау болған жоқ. Мен ойым­ды лезде жинақтай білдім. Ол мені логи­калық түрде жалғастырды, мен оны өз жан-жүрегімнен толықтай шығардым деуге болады.

– Жоспарыңызда екінші кітап жазу бар ма?

– Кітап – өз жұлдызшасы бар жұмбақ. Ол – Instagram-дағы жазба емес. Оны тек айтарың бар кезде жаза аласың. Әзірше нақты жоспарым жоқ. Бірақ менің өмірім маған түрлі тосынсый мен кілт бұрылыс әкелмей қоймайтынына сенімдімін. Бәлкім, 5-10 жылдан кейін мен де әйелдермен өзіндік даналығымды бөлісермін. Бәлкім, бөліспеспін. Мен ешқандай болжам жасамаймын, бірақ қазір менің екінші кітап жазу жайлы ойым жоқ.

– Оқырмандарыңызға қандай кеңес берер едіңіз?

– Кітабымды сатып алыңыз және оқыңыз! Шынымды айтсам, мен жасаған еңбегімді мақтан тұтамын. Кітабым көптеген қызға өмірдегі өз жолын түсі­ну­ге және айқын мақсатын табу­ға көмектеседі. Егер сіз не қалай­ты­ныңызды білсеңіз, бірақ оған қалай қол жеткізу керектігін біл­ме­сеңіз, онда бұл кітап сізге арма­ныңызға жету жолында міндетті түрде жәрдемдеседі.

 «Мен сіздің дзенді шап беріп ұстап алуыңызды тілей­мін!»

 

Әңгімелескен –

Кәрібай Мұсырман,

«Egemen Qazaqstan»