Олимпиада • 21 Ақпан, 2024

Нагано Олимпиадасына – 26 жыл

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан дәл 16 жыл бұрын, яғни 1998 жылдың 21 ақпанында Жапонияның Нагано қаласында XVIII қысқы Олимпия ойындарының алауы сөнді.

Нагано Олимпиадасына – 26 жыл

Күншығыс елінде 72 мемлекеттен келген 2 176 спортшы өнер көрсетті. Бұл жарысты «Egemen Qazaqstan» газетінің төрт бірдей тілшісі тамашалап, әр күн сайын Жапониядан жағымды жаңалықтар мен тартымды ақпараттар таратты. Үш аптаға созылған бәсекелер барысында Германия құрамасы жалпы есепте көш бастады. Немістер 29 жүлде (19 алтын+9 күміс+8 қола) олжалады. Екінші және үшінші орындарды Норвегия (10+10+5) мен Ресей (9+6+3) иеленді. Канада (6+5+4) мен АҚШ (6+3+4) төртінші және бесінші сатыларға жайғасты. Ал жарыс қожайындары жетінші орынды қанағат тұтты. Олардың еншісінде – 5 алтын, 1 күміс және 4 қола.

Қазақстанның спортшылары да жапон жерінен құрқол қайтқан жоқ. Байрақты бәсекеде конькиші Людмила Прокашева (5000 метр) мен шаңғышы Владимир Смирнов (15 шақырым) қола медальды олжалады.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50