Біріншіден, бүгінде мемлекеттік аппаратқа жас әрі талантты менеджерлер қажет болса, екінші жағынан, Президенттік жастар кадрлық резерві жастарға мемлекеттік қызметте өзін көрсетуге бірегей мүмкіндік береді. Көріп отырғанымыздай, көптеген жас резервші қазірдің өзінде түрлі салада жоғары қызметтерде жұмыс істеп жүр.
Жалпы, бұл бастама халықаралық озық тәжірибеге сәйкес келеді. Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігі іріктеу процедураларының ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.
Өз тарапымнан бұл бастаманың маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Мемлекеттік қызмет жөніндегі Астана хабы агенттікке резервке іріктеу жүргізуде тұрақты түрде сараптамалық және техникалық қолдау көрсетіп отырғанын атап өткім келеді. Жас резервшілер еліміздің дамуына зор үлес қосады деп сенемін.
Мақсұт ӨТЕШЕВ,
Астана мемлекеттік қызмет хабының кеңесшісі