Фото: gov.kz
Президент «Аз сөйлеп, көбірек жұмыс істеген жөн» деген қағиданы берік негіз ретінде ұстануға шақырды. Сондай-ақ батыл, мұқият зерттелген бастамалар қажет екеніне баса тоқталды.
Ақиқатына келсек, бұл жоба санасында сәулесі бар, білімді, білікті, қажыр-қайраты мол жастарды экономика саласына кеңірек тартуға мүмкіндік берді. Резервте бола отырып, жаңа достар таптық, рухани, кәсіби тұрғыда араласатын, кеңесетін, ой бөлісетін ортаға кенелдік.
Президенттік жастар кадрлық резерві жыл бойына іске асатынына өз тәжірибем жарқын мысал болады. Форумнан бір күн бұрын ғана резерв өкілі ретінде маған зор сенім көрсетіліп, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына басшылыққа тағайындалдым. Ендігі біздің міндет адал, таза еңбек етіп, ел мен Президенттің сенімін ақтау деп білемін.
Айбол АРҒЫНҒАЗИНОВ,
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры