Пікір • 21 Ақпан, 2024

Міндет – адал еңбек ету

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттік жастар кадрлық резервінің форумы айшықты оқиға болды. Жиында Мемлекет басшысы мемлекеттік аппараттың өзекті мәселелеріне кеңірек тоқталып, жастарға сенім артып, жоғары жауапкершілік жүктеді.

Міндет – адал еңбек ету

Фото: gov.kz

Президент «Аз сөйлеп, көбі­рек жұмыс істеген жөн» деген қа­ғи­даны берік негіз ретін­де ұс­тануға шақырды. Сон­дай-ақ ба­тыл, мұқият зерт­телген бас­та­ма­лар қажет екеніне баса тоқталды.

Ақиқатына келсек, бұл жоба санасында сәулесі бар, білімді, білікті, қажыр-қайраты мол жастарды экономика саласына кеңірек тартуға мүмкіндік берді. Резервте бола отырып, жаңа достар таптық, рухани, кәсіби тұрғыда араласатын, кеңесетін, ой бөлісетін ортаға кенелдік.

Президенттік жастар кадр­лық резерві жыл бойына іске аса­ты­нына өз тәжірибем жар­қын мысал болады. Форумнан бір күн бұрын ғана резерв өкілі ретін­де маған зор сенім көрсеті­ліп, Мем­лекеттік әлеуметтік сақ­тан­­ды­ру қорына басшылыққа тағ­а­­йын­далдым. Ендігі біздің мін­дет адал, таза еңбек етіп, ел мен Пре­­зи­­денттің сенімін ақтау деп біле­мін.

 

Айбол АРҒЫНҒАЗИНОВ,

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры