Парламент • 21 Ақпан, 2024

«Отбасының цифрлық картасы» басқа цифрлық жүйелермен біріктірілген, отбасылар туралы жақсы біліп отырмыз – министрлік өкілі

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Мәжілістің жалпы отырысында Ажар Сағындықова депутаттық сұрағын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкіліне жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Отбасының цифрлық картасы» басқа цифрлық жүйелермен біріктірілген, отбасылар туралы жақсы біліп отырмыз – министрлік өкілі

Фото: Мәжіліс. Видеоскрин

Депутат А.Сағындықова өз сөзінде аталған ведомство қиын ахуалдағы отбасыларды қалай анықтайтынын, оларға қандай қолдау шаралары көзделгенін сұрады.

Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілінің айтуынша, былтыр қабылданған әлеуметтік кодекс шеңберінде жаңашылдық енгізілді, бұл – отбасының цифрлық картасы.

«Отбасының цифрлық картасы қазіргі уақытта басқа да мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен біріктірілген, соның арқасында біз барлық Қазақстандағы отбасылардың жағдайы туралы, олардың құрамы туралы ақпаратты алуға мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар былтыр министрліктің халықтың әлеуметтік салауаттығын айқындау бұйрығы қабылданған. Осы әдістеме негізінде Қазақстандағы отбасылар 5 деңгейге бөлініп, оларға сәйкес қандай мемлекеттік шара қолдануды алдын ала біліп отырамыз. Бүгінде практика түрінде қызмет көрсетуге мүмкіндік бар», деді министрлік өкілі.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25