Қылмыс • 21 Ақпан, 2024

Сегіз миллион теңгелік саусақ ізі

1903 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралдық криминалист Руслан Досқалиев 8 млн теңге жымқырған бау­кеспе ұрыны саусақ іздері арқылы тапты.

Сегіз миллион теңгелік саусақ ізі

Орал қалалық Полиция бас­қар­­масына қарасты Шаған полиция бөлімі жедел-крими­на­лис­ти­калық тобының кримина­ли­сі Рус­лан Досқалиев терезеде қал­ған сау­сақ іздері арқылы пәтер ұрлығын ашты.

Оқиға 2023 жылы қыркүйек айында болған еді. Сол кезде 102 операторына хабарласқан жер­гілікті тұрғын сарымайдай сақ­тап жүрген қомақты қаржысы сейф­тен ұрланғанын ха­барлаған. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетті.

Полицияның анықтауына қа­рағанда, белгісіз біреу Орал қа­ласындағы тұрғылықты үйлер­дің біріне терезесін сындырып кіріп, сейфтен 10 мың долларды және 3 млн 700 мың теңге ақ­ша­ны ұрлап кеткен. Әрине, бұл жерде нағыз ма­манның қырағылығы, кәсіби ше­берлігі қажет еді. Полиция майо­ры Р.Досқалиев оқиға орнын, қыл­мыскердің келіп-кету жолын жан-жақты тексеріп шықты. Нә­тижесінде, ұры кірген терезеден саусақ іздерін тапты.

Бір қызығы, криминалистика­лық есеп базасындағы үлгілер ар­қылы күдіктінің кім екені анық­талды. Ол 33 жастағы облыс орталығының тұрғыны екен.

Жүргізілген жедел іздестіру іс-ша­ра­лары нәтижесінде тәу­лік­ке жет­пейтін уақыт ішінде күдікті ұсталды. Баукеспе ұрланған ақшаны түгел жұмсап үлгер­мепті. Қалған қаржы тәркі­ле­ніп, заңды иесіне қайтарылды.

Жақында Орал қалалық қыл­мыс­тық сотының шешімімен күдік­ті сотталып, бес жылға бас бостанды­ғынан айырылды.

 

Батыс Қазақстан облысы