Аймақтар • 22 Ақпан, 2024

Майқайыңның жалғыз құбыры жарылды

132 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше түнде Екібастұздан Майқайың кентіне су жеткізетін магистралдық құбыр жарылды. Соған байланысты 9 мыңның үстінде халық тұратын Майқайың кентінде су қысымы төмендеп кетті. Ал құбырға жалғанған «Богатыр-Көмір» АҚ-да су беру мүлде тоқтатылды.

Майқайыңның жалғыз құбыры жарылды

«21 ақпан күні Баянауыл ауда­нының Майқайың кентіне су жеткізетін диаметрі 1020 мм суық сумен жабдықтау құбырында ақау анықталды. Ақаудың учаскесі «Екібастұз қалалық су арнасы» мемлекеттік ком­муналдық кәсіпорнына қарас­ты екінші көтергіш сорғы­сынан 27 км қашықтықта орналасқан. Оқиға орнына өңір басшысы Асайын Байханов, Екібастұз қаласының және Баянауыл ауда­нының басшылары, сон­дай-ақ облыстық төтенше жағдай­лар департаментінің бас­шы­сы барып, жедел штаб ұйым­дастырылды. Ақаудың себе­бін анықтау және жою жұмыс­тары «Екібастұз қа­лалық су арнасы» МКК күш­терімен жүр­гізіліп жатыр. Жөндеу жұмыс­тарына 30 адам және 10 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында Павлодар об­лысының төтенше жағдайлар күштері мен «Майқайыңалтын» АҚ ма­мандары жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кенттегі ауызсу құбыры «Майқайыңалтын» АҚ-ның сенім­герлік басқаруына берілген. Кәсіпорынның бас директоры Қуаныш Ботиннің айтуынша, Екібастұз қаласынан үлкен құ­быр арқылы ағып келетін ауыз­су кеше түскі уақытта мүлде жоғалып кеткен.

«Апат құбырдың Екібастұз қаласы аумағында болып отыр. Жалпы, судың құбырдағы ақау­дан ысырап болуы 19 ақпан­нан бері байқалған. Негізгі ақау орны кеше ғана табылған тәрізді. Бүгін түнде оқиға орнына барып, кәсіпорынның мамандары мен техникаларын көмекке жұ­мылдырдық. Қазір кентте ауыз­су бойынша біраз шектеу енгізілді. «Майқайыңалтын» АҚ бойынша суды мейлінше аз пайдалануға тапсырма бердік. Өзге жергілікті кәсіпорындар аса көп тұтына қой­майды. Жағ­дай тұрақталғанша шектеулер күшінде сақталады», деді Қуа­ныш Ботин.

Майқайың кентінің тұрғын­дары күніне 1 мың текше метр ауыз­су тұтынып келген. Кеше қысымның төмендеуіне байланысты «Майқайыңалтын» АҚ су таситын машиналарды жұ­мылдырды. Кентке жақын жерде скважина бар, жетпеген суды сол жерден алады. Ал кентті жылумен қамтып тұрған қазандық тәулігіне 200–250 текше метр су тұтынады.

Негізі су құбыры жолай «Бо­гатыр-Көмір» АҚ өндірістік нысандарын басып өтеді. Ақауға байланысты кенішке су беру де уақытша тоқтатылды. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеніштегі көмір өндірісі тоқтамаған. Себебі оған судың қажеті жоқ. Шаруашылық қажеттіліктер үшін суды жеткізу ұйымдастырылды.

Аталған су желісі 1996 жылы салынған және бүгінгі таң­да ай­тарлықтай тозығы жет­кен. Құ­бырды биыл рекон­струк­­циялау жоспарланыпты. Қа­зіргі кезде конкурс өткізіліп, Ал­матыинжстрой» ЖШС мер­дігер ұйым ретінде таң­дал­ған. Жұ­мыстарды көктем-жаз кезе­ңінде бастау ұйғарылып отыр.

Майқайың кеніші мен «Богатырь-Көмір» АҚ-ға су жет­кізетін магистралды құбыр «Екібастұз қалалық су арнасына» тиесілі. Ал кент ішіндегі су құ­бырларына жоғарыда айт­қандай «Майқайыңалтын» АҚ жауап береді.

Алтын кенішін жаға­лай ор­наласқан кентте орталық­тан­дырылған ауызсуды тұтынатын 2500 жеке абонент бар. Өңірлік та­биғи монополияларды реттеу де­партаментінің басшысы Нұр­лан Нұрмұратовтың айтуынша, жергілікті жеке тұтынушылар үшін тариф құны 130,58 теңге тұрады. Бюджеттік ұйымдар текше метріне 779,01 теңге төлесе, өзге тұтынушылар үшін тариф бағасы – 754,1 теңге.

 

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы,

Майқайың кенті