Аймақтар • 22 Ақпан, 2024

Үш ауылда медпункт ашылды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл медицинасының әлеуетін арттыру – әлі де күшіндегі мәселе. Жақында тағы Шет ауданындағы үш елді мекенде фельдшерлік-акушерлік пункт ашылып, қолданысқа берілді.

Үш ауылда медпункт ашылды

Бұл жолы Ақшатау кенті мен Киікті, Босаға аулынан ашылды. Ауылдағы ағайын мәре-сәре болған осындай игілікті істің ал­дағы уақытта да жалғасын табатынына сенімін білдіріп, ардагерлер қауымы алғысын жеткізді.

«Денсаулық сақтау – қоғам­ның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Денсаулық саласы – елі­міздің ұлттық саясатының бас­ты бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда ден­саулық сақтау саласын жетілдіру үшін қомақты қар­жы бөлініп жатыр. Бұл ауыл­­дағы ағайынның денсау­лы­ғына алаңдаған Мемлекет бас­шысының елге деген ізгі бас­тамасы деп білемін. Дені сау ұлт­қа айналу жолында еңбек етіп жатқан баршаңызға алғыс білді­ремін», деді Шет ауданының құр­­метті азаматы Серік Қамбар ақсақал.

Сонымен қатар әжелер тәтті­ден шашу шашып, жиналған көп­шілік жаңа ғимараттың ішіне кіріп, бөлмелерін аралап көрді. Фельдшерлік-акушерлік пункттің бөлмелері кең, жылы да жайлы. Мұнда дәрігерлердің тиісті ем-дом көрсетуіне, тұр­ғындардың келіп, сапалы ем алуы­на толық жағдай жасалған.

Айта кетейік, биыл Шет ауда­нының 14 елді мекеніне осындай медпункттердің құры­лы­сын бастау жоспарланып отыр. Бұл ауыл халқының сапалы және уа­қтылы медициналық қызмет алуына үлкен септігін тигізбек.

 

Қарағанды облысы,

Шет ауданы