Білім • 22 Ақпан, 2024

Мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау сыныптары ашылды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы оқу жылынан бастап Біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама өскелең ұрпаққа адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені күшейту мақсатында әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау сыныптары ашылды

Фото: t.me/ortcom_kz

«Қазіргі таңда балабақша, мектеп-колледждерде ата-аналармен жұмыс қарқынды жүргізілуде. Барлық мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау сыныптары ашылды. Онда саналы түрде әр әке, әр ана, әр педагог осы қоғамда, жалпы, бала үшін не істей аламын, баланың қауіпсіздігіне қандай үлес қоса аламын деген үлкен мәселені сезіне алуы үшін бірқатар жүйелі жоспар іске асырылады. Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізгі үш құндылыққа негізделген. Бұл ар-ұят құндылығы, талап құндылығы және ұлттық мүдде», деді Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде.