Тағайындау • 22 Ақпан, 2024

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің келісімімен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына Асылбек Есімқанұлы Есенбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Асылбек Есенбаев 1977 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1998 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты. 

Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстанның даму институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғылыми қызметкері болып бастап, «Стратегия» талдау орталығының сарапшысы, директорының орынбасары, «KEGOC» ААҚ «Сарбай жүйеаралық электр желілері» филиалының екінші санаттағы есепшісі, «Трансстрой» корпорациясы» ААҚ отандық филиалының экономисті, бас экономисті болып жұмыс істеді.

2005-2008 жылдары Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы, ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығының бас сарапшысы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының бас сарапшысы;

2008-2009 жылдары ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты мен Қазақстан-Ресей университеті директорының орынбасары;

2009-2021 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, көмекшісі, Қорғаныс министрінің кеңесшісі, Премьер-министр орынбасарының көмекшісі, ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс және тұрғын үй саясаты, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармаларының басшысы;

2021-2022 жылдары «Рухани жаңғыру» отандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласының «Есіл» ауданының әкімі қызметін атқарып келді.