Олимпиада • 23 Ақпан, 2024

Альбервиль Олимпиадасына – 34 жыл

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан дәл 34 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың 23 ақпанында Францияның Альбервиль қаласында XVI қысқы Олимпия ойындары аяқталды.

Альбервиль Олимпиадасына – 34 жыл

Альбервильде КСРО-ның құрамында болған мемлекеттің өкілдері тұтас команда ретінде соңғы рет жарыс жолына шықты. Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) туы астында өнер көрсеткен ТМД құрамасы аталған жарыстың жалпы есебінде екінші орынды иеленді. Олар 9 алтын, 6 күміс және 5 қолаға қол жеткізді. Көш басында – Германия. Немістер 10 алтын, 10 күміс және 9 қоланы олжалады. Сондай-ақ Норвегия (9+6+5), Аустрия (6+7+8) және АҚШ (5+4+2) үздік бестіктің қатарына қосылды.

1988 жылы Калгари Олимпиадасында үш рет (2 күміс, 1 қола) жеңіс тұғырына көтерілген Қазақстанның атақты шаңғышысы Владимир Смирновтың Франциядағы жарыс­та жолы болмады.