Оқиға орнында бір әйел көз жұмды.
Астана Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.
«Мұхамедханов-Омаров қиылысында жүк көлігі, жолаушылар автобусы және Toyota Prado көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», деп жазды қалалық полиция департаменті.