Қоғам • 23 Ақпан, 2024

Балабақшада таяқ жеген бүлдіршін: полиция іс қозғады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полициясы қаладағы балабақшалардың бірінде қатарластары тарапынан соққыға жығылған балаға қатысты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балабақшада таяқ жеген бүлдіршін: полиция іс қозғады

фото: видеодан скриншот

«Алматы Полиция департаменті балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлайды. Балабақша қызметкерлері мен ата-аналардың әрекетіне құқықтық баға беріледі», деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматыдағы балабақшалардың бірінде балалардың бірі екіншісін еденге итеріп, төпелеп ұрғаны бейнеленген видео тарап кетті. Сол кезде тағы біреуі оны ұра бастады. Топтастары баланы теуіп, үстіне секірген. Кейін оған басқа балалар да қосыла кетті.