Төтенше жағдай • 25 Ақпан, 2024

Үш адам ыстан уланып ауруханаға түсті

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті  Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылында үш адам ыстан уланып ауруханаға түскенін хабарлады деп жазады  Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Үш адам ыстан уланып ауруханаға түсті

Фото: baq.kz

«Мыңбаев көшесі бойында жеке тұрғын үйде қатты отынмен пешті пайдалану ережелерін бұзғандықтан (пештің ақауы) көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Үй иесі 1974 жылы туған (жағдайы ауыр) және оның 2009 және 2010 жылы туған қыздары көміртегі тотығымен уланған (екеуінде де орташа ауырлық дәрежесі бар). 

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері мен техниктері барды» , делінген ақпаратта.

Облыстық төтенше жағдайлар  департаменті мамандары  тұрғындарға  қатты отынмен  жағылатын пешті пайдалану маусымында қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға  үндеді.