Спорт • 26 Ақпан, 2024

Алина – күміс жүлдегер

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шорт-тректен Польшаның Гданьск қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде Алина Әжғалиева күміс медальды олжалады.

Алина – күміс жүлдегер

Фото: olympic.kz

1 500 метрлік сайыста 18 жастағы Алина финалға еш қиналмай жетіп, нәтижесінде мәре сызығын екінші болып қиып өтті. Бұл – шорт-тректен Қазақстанның қыздар құрамасының аталған жарыста жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін әйелдер командасы да ондай көрсеткішке қол жеткізе алған жоқ еді. Жалпы, ересектер, жастар және жасөспірімдерді қоса алғанда, спорттың бұл түрінде жерлестеріміздің арасынан Денис Никиша ғана жеңіс тұғырына көтерілген. Қостанайдың тумасы 2014 жылы Эрзурум және 2015 жылы Осакада өткен байрақты бәсекелерде қола медальды мойнында жар­қыратты. Ал Денис пен Алинадан басқа спорт­шыларға ондай бақ бұйырмады.

Гданьскідегі жарыс мажарстандық Майя Дора Сомодидің жеңісімен аяқталды. Ал қола жүлдені қытайлық Ванью Лю иеленді.