Ғылым • 26 Ақпан, 2024

Емдік печенье

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары Владилен Поляков пен Дмитрий Мокшин терек сығындысы бар емдік печенье ойлап тапты.

Емдік печенье

Ғылыми дерекке сүйенсек, бальзам тере­гінің биологиялық белсенді заттары, яғни флавоноидтар қатерлі ісікке шалдыққан науқастардағы қанның негізгі көрсеткішін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Аталған ға­лымдар осы өсімдік сығындысының дә­рі­лік әлеуетін ашып, пайдаға жаратты. Олардың айтуынша, бальзам ағашында бактерияға, қабынуға қарсы шығып, жараларды емдейтін қасиет бар. Оны медицинада ғана емес, ауыл шаруашылығында да қолдануға болады.

Отандық ғалымдар бальзам терегінің химиялық құрамын 2000-жылдардың басында зерттей бастаған. Солай сығынды негізінде әртүрлі биологиялық препарат жасап көрген. Нәтижесінде, емдік сағыз бен печенье пайда болды. Кондитерлер печеньенің эксперименттік нұсқасын жасап шығарып, оның дәстүрлі түріне бальзам терек сығындысы қосылды.

Ғалымдар облыстық онкологиялық дис­­пансермен бірлесіп зерттеулер жүр­гізді. Сәулелік терапиядан өткен науқас­тар флавоноидтармен және терек бүршік­те­рінен бөлінген басқа да пайдалы заттармен байытылған печеньені жеп көрді. Нәтижесінде, науқастардың қан көрсеткіштері басқа бақылау тобымен салыстырғанда бір­шама қалыпқа келген. Гемоглобин мен эритроциттер 7,5%-ға, лейкоциттер 20%-ға өскен. Осылайша, бальзамдық терек сығын­ды­сы бар печенье онкологиялық науқастар қанының негізгі көрсеткішін қалыпқа кел­тіруге көмектескен.