Саясат • 26 Ақпан, 2024

Стратегиялық әріптестік

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті. Жүздесу барысында Ерлан Қошанов Қытайдың Қазақстан үшін жақын көрші әрі сенімді дос мемлекет екенін атап өтті.

Стратегиялық әріптестік

«Біз 2022 жылғы қыркүйек­­те ҚХР төрағасы Си Цзинь­пин­нің Қазақстанға сапары бары­сын­да елдеріміздің басшы­лары бас­таған ынтымақтасты­ғымыз­дың жаңа «алтын 30 жыл­дығында» мәңгілік жан-жақты страте­гиялық әріптестігімізді одан әрі нығайтуға мүдделі­міз», деді Мәжіліс спикері. Ол сонд­ай-ақ екі ел арасын­дағы пар­ламентаралық және партияаралық ынтымақ­тас­тықты нығайту мәселесіне мән берді.

Өз кезегінде Төтенше және өкі­­летті елші Чжан Сяо Қазақстан мен Қытай арасындағы дипло­ма­­тия­лық қарым-қатынас орна­ға­нына 32 жыл толғанын және қа­зіргі уақыттың осы жылдар ішін­д­егі жарқын кезеңдердің бірі еке­нін айтты. Сонымен қатар Қазақ­­­стандағы саяси және эконо­ми­ка­лық реформаларға назар аударды.

«Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды экономикалық реформалар жүр­гізу жөніндегі бастамаларын толық қолдаймыз. Барлық саладағы өзара тиімді екіжақты ынтымақтастығымызды терең­дету және дамыту да осы мақсат­тарға қол жеткізуге ықпал етеді деп ойлаймын», деді елші.

Тараптар экономикалық, сау­да, гуманитарлық байланыс­тарды нығайту және алдағы Қазақстанның Қытайдағы туризм жылын өткізу мәселелерін талқылады.