Тағзым • 26 Ақпан, 2024

Тұлғатану орталығы ашылды

275 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ Білім академиясының академигі, тарих ғылым­дарының докторы, профессор, еліміздегі жоғары мектеп саласының ұйымдастырушысы Амангелді Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында айтулы тұлғаның құрметіне ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Ашылу салтанаты аясында «Тұлға және ұлт руханияты» атты ғылыми семинар өтті.

Тұлғатану орталығы ашылды

Жиын барысында Аман­гелді Құсайынұлының білім мен ғылымды игеру­дегі, ұс­таздық және ұйымдас­ты­рушылық тә­жірибесіндегі белестері, отан­дық тари­хы­мыз­дағы ғалымның орны жө­нінде тұшымды ойлар айтылып, жалпы тұлғаларды дә­ріптеу, ұрпақ санасына сіңіру ізденістері талқыланды.

Семинар модераторы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, аталған оқу орнының проректоры Қадыр Ахметов «Тұлғалардың азаматтық ұста­нымдарын зерделеу – жас­тар­дың бойы­на отан­шыл­дық­ты қалыптастырудың те­тігі» екенін айтып, ғылыми-зерт­теу орталығының мақсат-мін­деттерін таныстырды.

па

«Қазақ газеттері» серіктес­тігінің бас директоры, акаде­мик Дихан Қам­забекұлы: «Ғалымның мұрасын, еңбек жо­лын, тән саулығы мен жан сау­лығына қатысты бастамаларын қоғамға, білім жүйесіне кеңінен насихаттау қажет», – деп, Аман­гелді Құсайынұлының ат­қарған еңбегін, адамгершілік қасиетін атап өтті.

Ал институт доценті, тарих ғы­лым­дарының кандидаты Самат Есқа­лиев ғалым­ның ел тарихына қатысты ой-тол­ғаныстары мен бір­қатар зерттеу ең­бек­теріне тоқ­та­лып, қайырымдылық, көш­бас­шылық тұжырымдары негі­зінде жо­ғары оқу орындарында «Тұлғатану» курсын жүргізудің мән-маңызын байыптады. Сондай-ақ Түркия Республикасы Токат Гази Ос­манпаша университетінің про­фессоры, «Түркі әле­мі» ғылыми-зерт­теулер орталы­ғының директоры Омер Ф­а­­рук Сонмес ұлт рухания­тын қа­лып­тас­тырудағы тұлға­лар­дың рөлін зерделеп, жо­ғары мектепте түркі елдеріне ортақ тұл­ға­ларды жаңаша оқыту мен дәріптеуді ұсынды.

Жиында Л.Гумилев атын­дағы Еу­разия ұлттық универ­ситетінің профессоры Жа­нат Аймұхамбет, Назарбаев уни­вер­ситетінің профессоры Жанар Бай­телиева жастар­дың ұлттық сезі­мін ояту, төл та­рихымыз бен рухани дү­ние­лерімізді ұрпақ санасына сіңіру мақсатында біріккен жобалар әзірлеу туралы пікірлерін ортаға салды.

Институт ректоры, психо­логия ғы­лымдарының кан­ди­даты, профессор Аман­гел­ді Исмайылов тұсауы ке­сілген ғылыми орталық Аман­гелді Құ­сайынұлының ғы­лым­дағы игі жос­парларын жалғас­тырып, болашақта гу­мани­тарлық ғы­лымдардың өзекті мәсе­­леле­ріне арналған зерт­теу­лер жүр­гі­зетінін айтып, қатысу­шыларға алғысын жеткізді.

Ғылыми семинарға елор­дамыз­дың бірқатар ғалымдары, қоғам қайрат­керлері және жастар қауымы қатысты.

 

Лаура ДӘУРЕНБЕКОВА,

А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты