Бокс • 27 Ақпан, 2024

Сербияда сайысқа түседі

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-18 наурыз аралығында Сербияның астанасы Белградта бокстан халық­аралық турнирдің жалауы желбірейді.

Сербияда сайысқа түседі

Аталған жарыста Қазақстан құрама коман­дасының мүшелері барлық 13 салмақ дәрежесінде күш сынасады. Солардың арасында әлем және Азия чемпионы Санжар Тәшкенбай (51 кг) мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов (67 кг) сынды сайыпқырандар бар. Өзге салмақ дәрежелерінде Ернұр Қайрат (48 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Жексен Бейбарыс (57 кг), Ерасыл Таңқай (63,5 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Темірлан Мұқатаев (86 кг), Данияр Рахым­бердиев (92 кг) және Дамир Тойбай (+92 кг) жұдырықтасады. Бұл жігіттер де осал емес. Олардың дені кезінде жастар арасындағы әлем және құрлық біріншіліктерінде жеңіс тұғырына көтеріліп, бұл күндері еліміздің бірінші нөмірлі боксшыларына лайықты қарсылас атанып жүр.

 

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18