Спорт • 27 Ақпан, 2024

Қанжығада – қос қола

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның астанасы Варшавада Еуропа кубогі өз мәресіне жетті. Бұл жарысты Қазақстанның дзюдо­шылары қос қола медальмен қоры­тындылады.

Қанжығада – қос қола

Фото: olympics.com

60 кг салмақ дәрежесінде күрескен Шерзод Давлатовтың тек франциялық Максим Мер­лине әлі жетпеді. Өзге қарсыластарының барлығынан басым түскен ол команданың қоржынына алғашқы жүлдені салды. Жұбаныш белдесуінде отандасымыз Францияның тағы бір өкілі Винсент Лимардың аяғын көк­тен келтірсе, үшінші орын үшін тартыста грузия­лық Тома Гелашвилиді тізе бүктірді. Әйелдер арасында аса ауыр салмақта белдескен Мә­дина Парагулгова дәл сол межеден көрінді.

Варшавада Ердәулет Бозша (66 кг) пен Айбек Серікбаевтың да (+100 кг) жеңіс тұ­ғы­рына көтерілуге жақсы мүмкіндіктері болды. Алайда олар қола медаль үшін бәсе­кеде ұтылып, бесінші орынды қанағат тұтты.