Үкімет • 27 Ақпан, 2024

Инвестиция тарту жоспары тыңдалды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста өңірлердегі инвесторларға әлеуетті тартымды салалар талқыланды.

Инвестиция тарту жоспары тыңдалды

Фото: primeminister.kz

Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратураның инвес­тордың атқарушы билік органдарымен, қадағалау органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимылының ашықтығын арттыру және оңайлату жөнін­дегі ұсы­ныстары тыңдалды. Мем­ле­кет басшысының тапсырмаларын орындау аясын­­да мүдделі мемлекеттік орган­дар мен бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен «жасыл дәліз» тетігі әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар Бас про­кура­тура «Астана» халық­а­ралық қаржы орталығы қатысу­шыларымен инвестициялық келісімшарт жасасу бойынша бірқатар жүйелі ұсыныс айтты. Ақмола және Ақтөбе облысы әкімдіктері инвестиция тарту жоспарларын таныстырды.

Жалпы, жоспарланған жұ­мыс­­­тардың толыққанды іске асы­­рылуын қамтамасыз ету тап­сырылды. Инвестицияларды тар­ту үшін өңірлердің, оның ішін­­де өнеркәсіп, логистика және АӨК салаларындағы үлкен ин­вес­тициялық әлеуеті атап өтілді.

Сондай-ақ кеңесте жер қой­науын пайдалану және химия өнеркәсібі саласындағы же­келеген инвестициялық жо­балардың проблемалық мә­селелері қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша жауап­ты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.