Фото: kazswimteam
Азия додасында 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынады: А тобы (18 жастан және жоғары), В тобы (15-17 жас), С тобы (14 жас және кіші).
Жүзу, А тобы:
Аделаида Пчелинцева, 100 метрге брасс әдісімен жүзу – алтын
Ксения Игнатова, 50 метрге шалқалай жүзу – алтын
Диана Тасжанова, 200 метрге еркін әдіспен жүзу – күміс, 800 метрге еркін жүзу – қола
Әйелдер құрамасы (Аделаида Пчелинцева, Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу – күміс
Жүзу, В тобы:
Егор Попов, 50 метрге шалқалай жүзу – алтын
Арсен Қожахметов, 100 м брасс – күміс
София Абубакирова, 200 м кешенді жүзу – күміс, 50 м шалқалай жүзу – қола
Ерлер құрамасы (Егор Попов, Егор Василенко, Алексей Крученко, Данил Черепанов), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу – күміс
Суға секіру, А тобы:
Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина, 3 метрлік тұғырдан синхронды секіру — күміс
Жүзу жарысы 29 ақпанда, суға секіру сайысы 1 наурыз күні аяқталады.
2-6 наурыз аралығында көркем жүзу, наурыздың 3-9 аралығында су добынан жүлделер сарапқа салынады.