Бокс • 27 Ақпан, 2024

Ұлттық құрама лицензиялық турнирге дайын

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін әлемдік лицензиялық турнирге дайындық аясында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Ұлттық құрама лицензиялық турнирге дайын

Жиынға 80-ге жуық боксшы қатысып жатыр. Олардың арасында әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын алты боксшыдан бөлек, Ұлттық құраманың өзге де мүшелері мен әр облыстың құрамалары бар.

«Жігіттердің дайындықтары жақсы. Басты күшті лицензиялық турнир алдында боксшылардың тактикалық және техникалық дайындықтарына қойып отырмыз. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан барлық жағдай жасалды. Енді 29 ақпан күні Италияға ұшамыз», деді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Ми

Айта кетейік, Апеннин түбегіндегі турнирге  Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80кг) және  Айбек Оралбай (92 кг) қатысады. Италиядағы турнирге қатыспайтын боксшыларымыз Сербия, Литва, Әзербайжан елдеріндегі халықаралық турнирлерде өнер көрсетеді. Сондай-ақ оқу-жаттығу жиынынан кейін боксшылардың бірқатары Атырауда өтетін Болат Теміровті еске алуға арналған халықаралық турнирде бақтарын сынайды.

Ал Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін әлемдік лицензиялық турнирде ерлер арасында 28 лицензия сарапқа салынады. Қазіргі таңда Қазақстан ерлер құрамасы Париж олимпиадасының бір ғана лицезиясын иеленген. Былтырғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев еншіміздегі жалғыз ғана жолдаманы жеңіп алған.

Пр