Медицина • 28 Ақпан, 2024

Міндетті сақтандыру артып келеді

172 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕО) мәліметі бойынша жыл сайын өндірісте 374 мил­лионға жуық адам зардап ше­гіп, 2,78 млн өндірістегі өлім жағдайы тіркеледі екен. Салдарынан жаһандық ішкі жалпы өнім 4 пайызын жо­ғал­тады. Әр мемлекетте қыз­меткерлерді міндетті сақ­тан­дыру бойынша жеке жүйе қолданылады.

Міндетті сақтандыру артып келеді

Freedom Life ӨСК маманда­рының айтуынша, кей елден өнді­рістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру медициналық сақ­тан­дырумен үйлестірілген, біраз елде корпоративтік сақтан­дыру жаңадан пайда болған және даму кезеңінде. Мәселен, АҚШ өндірісінде 2022 жылы 4,5 млн-ға жуық жарақат пен ауру жағ­дайы тіркеліпті. Жұмыс беру­шілер өндірістегі жазатайым оқи­ғалардан міндетті сақтан­дыру бағ­­дарламасынан басқа, қыз­мет­кер­лердің денсаулық ахуалын анық­тауға және созылмалы ауру­­ла­рын емдеуге көмектесетін бағдар­ла­ма­ларын қолданады. Атал­ған бағ­дар­ламалар денсаулық тәуе­келін бағалауды, биометриялық скрининг және денсаулықты нығай­ту бағдарламаларын қамтиды.

Қытайда 2021 жылы тек 354 млн адам қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыру бағдарламасына қа­тысқан. Өндірісте жарақаттанған немесе кәсіби ауруға шалдыққан қызметкерлер толық еңбекақы алуға және емделу кезеңінде ай сайын төленетін жеңілдіктерді пай­далануға құқылы. Әлеуметтік сақ­тандыру медициналық, сауықтыру және тамақтану шығын­дарын өтейді.

Францияда еңбекке орналас­тырылған халықтың 96 пайызы қызметкерді міндетті сақтандыру полисін иеленген. Қызметкерлер үшін жұмыстағы сақтандыру жағдайларын қамту, соның ішінде, медициналық қызмет көрсету бойынша кең ауқымды қамтулар ұсынылады. Жеңіл жарақаттар немесе ауру кезінде, пациенттер­ге емделу және қалпына келу шығындары 70 пайызға дейін қайтарылады. Денсаулығы ауыр жағдайларда шығындары 100 па­йыз өтеледі. 

«Біріккен Араб Әмірлігінде қызметкерлерді сақтандыру жа­қын­да пайда болды. Бұрын компаниялар әрбір жалдаған қызмет­кері бойынша банк кепілдемесін 3 мың дирхам (366,2 мың теңге) көлемінде төлейтін. 2022 жылдың маусымынан бастап заңнамаға өзгертулер енгізілді. Аталған ке­пілдеме орнына жұмыс беру­шілерге қызметкерлерді сақтан­дыру шартын жасасу мүмкіндігі берілді (WPP Insurance). Ал Уруг­вайда еңбекке қабілетті халық­тың 90 пайызынан астамы сақтан­дырылған. Қызметкерлерді әлеу­­мет­тік қамтамасыз ету жүйесі жиын­­тық түрде қолданылады және өнді­рістегі жазатайым оқиғалардан сақ­­тан­дыру, жұмыссыздықты сақ­тан­­дыру, медициналық сақтанды­ру­­­ды қамтиды», делінеді зерттеу­де. 

Ал біздегі Әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру қорының мәлі­меті бойынша, 2023 жылы Мін­дет­ті әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру бағдарламасына сәйкес 16,6 млн адам сақтандырылды. Қа­зіргі сәтте қызметкерлерді міндет­ті ме­дициналық сақтандыру мөл­шер­ле­ме­сі еңбекақы мөлшері­нің 3 па­йызын құрайды. Аталған сома қыз­меткердің еңбекақысынан ше­геріл­мейді, оны жұмыс беруші төлейді.

«Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақ­тандыру туралы» заңға сәйкес әр жұмыс беруші өз қызметкерімен сақтандыру шартын жасасуы керек. Сақтандыру мерзімі – 12 ай. Құны жеке белгіленеді және эко­номикалық қызмет түрі мен жыл­дық еңбекақы төлем қорына байланысты.

Ұлттық банк статистикасына сәйкес, қызметкерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша 2023 жылы сақтандыру сыйлықақысының көлемі 87 млрд теңгені құраған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22,9 пайызға артық. 2023 жылы сақтандыру жарнасының көлемі 14,9 млрд теңге болды (2022 жылмен салыстырғанда, 145,7 пайызға көп).