Қоғам • 28 Ақпан, 2024

«Өрт сөндіру қызметінен». Хостел меңгерушісін алдаған күдікті ұсталды

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте жалған өрт сөндіруші хостел меңгерушісін алдап, ақшасын жымқырған,  деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Өрт сөндіру қызметінен». Хостел меңгерушісін алдаған күдікті ұсталды

Фото: polisia.kz

«Алаяқты жедел іс-шаралардың нәтижесінде қалалық ПД-ның киберполицейлері ұстады. Ұсталған азамат Шу қаласының 27 жастағы тұрғыны. Тергеу барысында анықталғаны, ол бұрын-соңды осы қонақ үйде бірнеше рет болып, меңгерушінің жеке нөмірін біліп алған. Кейін оған хабарласып, өзін өрт сөндіру қызметкері ретінде таныстырды. Қаскөй хостел ғимараты қауіпсіздік талаптарына толық сай келмейтінін және тиісті сертификаттың мерзімін 58 мың теңгеге ұзарта алатынын жеткізген. Алданған  азамат бірден қажет соманы айтылған шотқа аударған. Уақыт өте алаяқтың арбауына түскенін білген жәбірленуші полицияға осы жайт туралы хабарлаған. Қазіргі таңда қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды», делінген ақпаратта.

Құқық қорғаушылар бейтаныс адам қоңырау шалып, түрлі мәселеңізді шешу үшін ақша талап етсе, бірден байланысты үзуге кеңес береді.