Спорт • 29 Ақпан, 2024

Асығы алшысынан түсті

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда үстел теннисінен жастар арасындағы ел біріншілігі аяқталды. Бұл жарыстан күні кеше ғана әлемдік додаға қатысқан Алан Құрманғалиев пен Сарвиноз Мірқадырова ғана босатылды.

Асығы алшысынан түсті

Ұлдар арасында Абдолла Мамайдың мерейі үстем болды. Алматылық өрен финалда жергілікті спортшы Қадырғали Қабдылуахитовты қапа қалдырды. Үшінші орында – Ши Данян (Алматы) мен Арнұр Оралханов (Шығыс Қазақстан). Қыз­дар арасында Әлбина Жақсылықова жеңімпаз атанды. Қарағандылық қыз ақтық сында әріптесі Жанерке Көшкінбаевадан басым түсті. Дарья Фу (Қа­рағанды) мен Алиса Цви­гун (Астана) үздік үштікті түйіндеді. Ер­лердің жұптық бәсекесінде А.Мамай мен Қ.Қаб­дылуахитовқа тең келер еш­кім табылмады. Қыздар арасында Вик­­тория Мочалкина мен Дарья Фу (Қа­­ра­ғанды) қарсылас шақ кілтірмеді. Аралас жұп­тардың тартысы А.Мамай мен Шахзода Ахмадалиева (Түркістан) жеңі­сімен аяқ­талды.

Павлодардағы жарыста Абдолла Мамай­дың асқан шеберлігіне тәнті болдық. Ол бәсекелердің барлық түрінен бас жүлдені олжалап, еліміздің абсолютті чемпионы атанды.