Әдебиет • 28 Ақпан, 2024

Балалар әдебиетінің бәйтерегі

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы облыстық кітапханада балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. «Балалар әлемін таңғалдырған талант» деп аталатын тақырып аясында өткен іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.

Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Кешке қатысушылар «Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді тамашалап, жазушының өмірі мен қызметі, шығармашылығы туралы әңгіме өрбітті.

Филология ғылымдарының канди­даты Кенжегүл Есір­кепова жазу­шының әйгілі «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым –Қожа», «Қай­дасың, Гауһар?» по­вес­тері мен «Өлгендер қайтып кел­мейді» романының көркемдік ерек­­шелігіне тоқталып, қалам­гердің жазушылық зерт­ханасына қатысты қызықты мағ­лұмат­тарды айтып берді.

пр

Ал қаламгер шығармала­рын бала жастан жастанып оқып­ өскен жур­налист Дәу­рен­бек Әбдібек: «Жазу­шы туын­ды­ла­ры­ның қатардағы көр­кем дү­ние­лерден ерекшелігі – оқыр­­ма­­нын өмірге, адалдыққа, қай­сар­­­лыққа, еңбек­сүйгіштікке үй­ре­те алатын­дығында», деген ой айтты.

«Өз басым Бердібек Соқ­пақ­­­баевтың кітаптарын бала кезі­­мізден оқып өстім. Жазу­шы­ның шығармалары азамат болып қалыптасуыма көп әсер етті десем болады. Мені тәрбиелеген Бердібек Соқ­пақ­баев деп көп жерде айтып та жүрмін. Бердібекпен қатар өмір сүр­дік, қасымызда жүрген ақыл­шымыз болды. Еңбекке тәрбиеледі, қиындықта мойы­май, жол таба білуге, адал өмір сүруге үйретті», дейді жур­налист. Кеш барысында қалам­гердің әр жылдары жарық көр­ген кітаптарының көрмесі ашылды.

 

Қостанай облысы