Сенат • 29 Ақпан, 2024

Интеграциялық үдеріс күшейтіледі

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады.

Интеграциялық үдеріс күшейтіледі

Заң Еуразиялық экономикалық комис­сияның Техникалық реттеу, сани­тарлық шаралар, тұтынушылардың құқық­тарын қорғау және Еуразиялық эконо­микалық ко­мис­сия туралы ережеге өз­герістер енгізу мәселелері жөнін­дегі қолданыстағы ере­же­лердегі олқылық­тарды жоюға бағыт­талған. Құжат бойынша мүше мемлекет ка­ран­тиндік объектілердің бірыңғай тізбесіне енгізіл­меген зиянды тетіктерге қатыс­ты шұғыл фито­сани­тариялық шара­лар­ды енгізе алады. Бұл ретте мүше мем­ле­кет бұл туралы комиссияны, ЕАЭО-ның бас­қа мем­лекеттерін хабардар етіп, шара­ны кедендік аумаққа енгізу туралы ұсыныс береді.

Хаттамаға сәйкес комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағдарламасын әзір­лейді және оның іске асуына қатыс­ты мон­и­торингті жүзеге асырады. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысуға оңайла­тыл­ған түрде қол жеткізу үшін ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тану қағидалары бекітіледі. Оған қоса тауарларды әкелу және әкету кезінде рұқсат алу үдерісін оңайлату көзделіп отыр.

Сенаторлардың айтуынша, хаттаманы ратификациялау Еуразиялық эконо­микалық одақ аясындағы интеграциялық үдерістерді одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Комитет мүшелері талқылау нәтижесінде заңды Палата отырысында қарау туралы шешім қабылдады.