15 Маусым, 2010

САЯЛЫ ОРЫНҒА АЙНАЛАДЫ

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ботаникалық бақты күрделі жөндеуден өткізуге 300 000 000 теңге бөлінді. Елімізде екі ботани­калық бақ болса, соның бірі Петро­­­­павл қаласында орналасқан. 1800 шаршы метр аумақты алып жатқан жылыжайда әлемнің әр қиырынан әкелінген тропикалық, субтропи­калық өсімдіктердің 400-ге жуық түрі жайқала өсіп тұр. Мұнда халықаралық “Қызыл кітап­қа” енген өте сирек деко­ративті жасыл өсімдіктер мен ағаштар да кездеседі. Мәселен, Вашингтон пальмасы еліміз бойынша осында ғана бар. Петропавл ет-консерві комбинаты жанынан құрылып, алғашқыда “Табиғат перзенттері” экология­лық орталығы, кейін “Қы­­зыл­жар оранжереясы” кә­сіпор­ны болып аталса да көптен бері күрделі жөндеу көрмегені білініп тұратын. Жуырда осында облыс әкімі Серік Біләлов болып, “Жол карта­сы” аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бағдарлама бойынша 300 миллион теңге бөлініп, құрылыс бригада­лары іске жұмыла кірісіп кет­кен. Тропикалық саябақты аралап көрген Серік Сұлтанғазыұлы биіктігі төрт қабатты үйге пара-пар шыны күмбездер, субұрқақтар орнатылатынын, айналаны көр­кейтуге 75 миллион теңге қарас­тырылатынын, басқа да шаралар атқарылатынын, сөйтіп, қала тұрғындары демалатын саялы орынға айналатынын жеткізді. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.