Спорт • 29 Ақпан, 2024

Балюбаның бағы жанбады

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайпейде мәнерлеп сырғанаудан жас­тар арасындағы әлем біріншілігінің шымылдығы түрілді.

Балюбаның бағы жанбады

Фото: sportarena.kz

Жарыс Қазақстанның спортшылары үшін сәтсіз басталды. Қыздар сайы­сының қысқа бағдарламасында сынға түскен Екатерина Балюба небәрі 47, 25 ұпай жинап, финалға шыға алмады. Ол 46 спортшының арасында 34-орынды қанағат тұтты. Бұл жаттығуда Оңтүстік Кореяның өкілі Чжи А Син (73,48 ұпай) топ жарса, жапониялық Мао Шимада (72,60) мен Икура Кушида (66,61) екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Сондай-ақ финляндиялық Ида Кархунен (64,64) мен эстониялық Элина Гойдина (63,03) үздік бестіктің қатарына қосылды. Жинаған ұпайларын есепке алсақ, жүлделі орындар үшін тартыс шамасы дәл осы мәнерлеп сырғанаушылар арасында өтеді.

Тайпейдегі ендігі үмітіміз – Олег Мель­ников. 18 жастағы жерлесіміз кеше қысқа бағ­дарламада өнер көрсетті.