Теннис • 01 Наурыз, 2024

Бублик – үшінші кезеңде

39 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубайда өтіп жатқан жүлде қоры 2 941 785 долларды құраған АТР турнирінде Қазақстанның теннисшісі Александр Бублик сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Бублик – үшінші кезеңде

Алғашқы айналымда чехиялық Томаш Махачтан басым түскен ол екінші кезеңде Таллон Грикспурмен күш сынасты. Әлемдік рейтингте 28-орында тұрған нидерландтық ойын­шы Александрды біраз әбігерге салды. Екі сетте тай-брейкке ұласты. Десек те шешуші тұста ширақ қимылдаған жерлесіміз 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. 1/8 финалда Бублик 22 жастағы Иржи Легечкамен ше­бер­лік байқасады. АТР тізімінде 34-сатыға жай­ғасқан чехиялық ойыншы кеше ойда-жоқта әлемнің 15-ракеткасы, ресейлік Карен Ха­чановты қапы қалдырды. Есеп – 6:7, 7:6, 6:4.

АҚШ-та өткен үш бірдей жарыс­та жеңім­паз атанған Дмитрий Попко Аргенти­наның Тукуман қаласындағы турнирді де сәтті бастады. Алғашқы айналымда ол Гонсало Сейтунге 6:1, 6:3 есебімен сан соқтырды. Осылайша, Поп­ко қатарынан 16 бәсекеде басымдық танытты.